Тұрғын үйден шыққан өрттен екі айда 60 қазақстандық мерт болған

0
963

ҚР ІІМ ТЖК тұрғын үйлерден шыққан өрттен адамдар ең көп қаза тапқан облыстарды мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».


Тұрғын үйден шыққан өрттен екі айда  60 қазақстандық мерт болған

ҚР ІІМ ТЖК тұрғын үйлерден шыққан өрттен адамдар ең көп қаза тапқан облыстарды мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, Қазақстанда өрттің 68%-ы тұрғын үй аудандарында шығуда. Осылайша, 2017 жылы тұрғын үй алаңындағы өрттің жалпы саны 10 мыңнан асқан. 2018 жылы 2 айдың ішінде тұрғын үй алаңында 1475 өрт болған. «Екі айдың ішінде тұрғын үй алаңында шыққан өрт кезінде 60 адам (оның ішінде 4 бала) қаза тапса, 90 адам (оның 25-і бала) жарақат алған», - деп атап өтті Р.Иманқұлов. Сондай-ақ, тұрғын үй алаңындағы өрт бойынша көш бастаған облыстар аталды. Өрттен ең көп қаза тапқан адамдар Алматыда - 9, Шығыс Қазақстанда - 9, Павлодарда - 9, Ақмолада - 8, Қарағандыда - 7, Солтүстік Қазақстан облысында - 6 адам тіркелген. Тұрғын үйдегі өрт кезінде ең көп жарақат алған адамдар саны Астанада - 17, Қарағандыда - 15, Алматыда - 13, Қостанайда - 10, Павлодар облысында - 10. Сондай-ақ, ТЖК тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.