Өңірлерде тиісті стационарлар дайындалған.
ERNUR.KZ. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден оралған қазақстандықтар екі күнге стационарға жатқызылатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қазіргі уақытта көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары әуекомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, қазаннан бастап екінші санаттағы елдерден (21 ел) әуерейстермен Қазақстанға келетін барлық адамға қосымша талаптар енгізу мәселесін пысықтап жатыр", - дейді Байғабылов.
Оның айтуынша, әуекомпаниялар Қазақстанға билет сатып алған жолаушыларға COVID-19 бойынша қосымша талаптар туралы хабарлауы керек.
"Шетелдік азаматтар мемлекеттік шекарадан өткен кезде 3 күннен аспайтын мерзімге COVID-19-ға теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама алуы керек. Олай болмаса, олар ұшақ бортына кіргізілмейді.
Ал Қазақстан азаматтарында анықтама болмаған жағдайда олар ұшақтан түскен соң екі күнге карантинге жатқызылады. Онда олар COVID-19-ға ПТР-тест тапсырады", - дейді көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Сонымен қатар, ол өңірлерде тиісті стационарлар дайындалғанын атап өтті.
"Осы жылдың басында бұл алгоритм халықаралық әуерейстерде пысықталды. Мұндағы басты айырмашылық жолаушыларды екі күндік карантинге орналастыру болып отыр. Бұл жаңа тәртіптің қашан енгізілетіні туралы ақпарат беріледі", - деді Байғабылов.
Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында әуе қатынасын тоқтатуды ұсынып, рейс санын азайтуды сұрағаны хабарланған еді.
Қазіргі таңдағы талаптар мынадай: