Тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылық үш есеге дейін өскен

0
308

Сегіз айда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық 1,6 мыңға жетті.


Тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылық үш есеге дейін өскен

ERNUR.KZ. Биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық 1,6 мыңға жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп, деп жазады sputnik.kz.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматы облысында жасалды: бір жыл бұрын 56 оқиға тіркелсе, биыл 202-ге жетіп, бір жылда 3,6 есе көбейген.
Екінші орында Алматы қаласы, бір жылда 7 есе өскен. Үшінші орында Түркістан облысы.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы ең аз қылмыстық құқық бұзушылық Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
Отбасылық-тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 39,4%-і ұрып-соғу, 8 айда осындай 628 құқық бұзушылық тіркелген.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлері:
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – 186 оқиға,
кісі өлтіру – 74,
зорлау – 27,
жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық – 27.