Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 17 мың хабарлама тіркелді.
фото: CC0
ERNUR.KZ. Биыл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 840 қылмыстық іс қозғалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Әсіресе "Азапатау" және "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" баптары бойынша көрсеткіш артқан, деп жазады sputnik.kz.
Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 17 мың хабарлама тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ке аз.
"Азаптау бойынша баптың редакциясы өзгертіліп, жаза күшейтілді. 2023 жылы 9 іс, 2024 жылы 24 іс, ал биыл үш айда 16 іс тіркелді. Оның алтауы сотқа жіберілген. Екі бап бойынша кінәлі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ол - жасөспірімді зорлау және кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер. Бұл баптар бойынша биыл 46 іс тіркелген", - деп жазды Зәкиева.
Балаларға жыныстық сипатта тиіскендерге жаңа бап енгізілді, бұл бап бойынша биыл үш айда 22 іс анықталды. Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг жасау бойынша да жаңа бап енгізілді. Бұл бап бойынша биыл үш айда 74 құқық бұзушылық болған.
Енді баланы қоғамдық көліктен күштеп түсіргендерге де жаңа әкімшілік жаза қолданылады. Биыл үш айда бұған қатысты 41 іс тіркелді.
Қазақстанда отбасын қолдайтын 112 орталық ашылды, жыл соңына дейін тағы 110 орталық ашу жоспарланған.