ТЖМ “6 қарашада жойқын жер сілкінісі болады“ деген алматылықтарға жауап берді

0
193

Мұндай хабарлама ата-аналардың чатында тарап кеткен.


ТЖМ “6 қарашада жойқын жер сілкінісі болады“ деген алматылықтарға жауап берді

фото:Midjourney

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Мұндай хабарлама ата-аналардың чатында тарап кеткен. ТЖМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.

"СБЗҰҒО мәліметтері бойынша, жыл аяғына дейін қатты жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Алматы облысының білім басқармасындағылар да бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, балалар 6 қарашадан бастап офлайн оқиды.