ҰБТ-ның алғашқы аптасында 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

0
415

Талапкерлердің бірі өзімен бірге кіргізген дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынған.


ҰБТ-ның алғашқы аптасында 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Биыл 18 рет өтіп жатқан ҰБТ-ның алғашқы аптасында 22 талапкер тестілеуге кіргізу кезінде, ал 21 талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолдануға тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", – деп жазды Руслан Емелбаев.

Орталық директоры талапкерлерді тек өз біліміне сенуге шақырды. Себебі тестілеудің барлық процесі бақылаушылардың толық назарында.

"Сондықтан тест тапсырмасын не олардың үзіндісін аудиториядан шығарамын деп үміттенбеңіз. Еңбек әрқашан ақталады. ҰБТ-ға жақсылап дайындалып, тек өз біліміңізге сенсеңіз, Сізді болашақ жарқын өміріңізде жақсы марапат күтетін болады. Себебі білім – ең маңызды аспап", – дейді Руслан Емелбаев.

Мысалы, бір талапкер өзімен бірге кіргізген дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынған.