Үкімет «Қазақфильм» мен екі әуежайды сату ойынан айнып қалды

0
776

17 қаңтарда нақты шешім қабылданады.


Үкімет «Қазақфильм» мен екі әуежайды сату ойынан айнып қалды

ERNUR.KZ. Ел үкіметі «Қазақфильм» және Шымкент пен Петропавл әуежайларын сату ойынан айныды. Ұлттық экономика министрлігі қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство аталған нысандарды жекешелендіру тізімінен алып тастау туралы ұсынып жатыр. Мемлекеттік реестр ақпаратына сай, «Қазақфильмнің» шамамен 50 проценттік үлесін саудаға шығару көзделген болатын. Ал Петропавл әуежайын толығымен бәсекеге қабілетті ортаға тапсыру жоспарланған еді. Шымкент әуежайы қалалық коммуналдық меншікке өтетіндіктен, жекешелендіру тізімінен шығарылады. Осыған қатысты талқылаулар 2 аптаға жалғасады. 17 қаңтарда нақты шешім қабылданады.