ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады

0
886

​Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды.


ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз әрекет еткен 20 кеденшінің ұсталған видеосын жариялады, деп жазады sputniknews.kz.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің 20-дан астам қызметкерін ұстады. Олар аз уақыт ішінде миллиондаған теңге, он мыңдаған доллар және басқа да валютамен ірі сомада қаржы алды", - делінген комитеттің Facebook парақшасында.

Анықталғандай, кеден қызметкерлері Қытайдан Өзбекстанға бет алған жүк көлігін Қазақстан арқылы қиындықсыз өткізу үшін пара алған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген іс-шаралар нәтижесінде лауазымды тұлғалар, кеден органдарының, сондай-ақ, фитосанитариялық, ветеринарлық және көлікті бақылау қызметкерлерінің заңсыз әрекеті тіркелді.