ҰҚК Павлодар мұнай-химия зауытына қатысты қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр

0
480

Жоспарлы күрделі жөндеуге байланысты зауыт жұмысы 20 маусым мен 19 шілде аралығында тоқтатылды.


ҰҚК Павлодар мұнай-химия зауытына қатысты қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық істі бірнеше бап бойынша қарастырып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков мәлім етті.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ПМХЗ бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Іс ҚР КК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды <…> қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), 197-бап (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау), 214-бап (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бойынша қарастырылуда», – дейді Марлен Сламбеков.

Ол биыл Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай лауазымдық өкілеттігін асырғаны үшін 3,5 жылға сотталып кеткенін мәлімдеді.