ҰҚК Ресеймен шекарада болуы мүмкін шектеулер туралы ескертті

0
510

Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған.


ҰҚК Ресеймен шекарада болуы мүмкін шектеулер туралы ескертті

ERNUR.KZ. ҰҚК Қазақстан - Ресей шекарасына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады tengrinews.kz.

ҰҚК Шекара қызметі 15-28 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады.

Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған.

"Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген хабарламада.