ҰҚК: ШҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікпен 18 жастағы тұрғын ұсталды

0
646

Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленген.


ҰҚК: ШҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікпен 18 жастағы тұрғын ұсталды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленген.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша соалды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген. Оған ресми сақтандыру жарияланған. Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады.
Экстремистік мазмұндағы Интернет-ресурстарына кіруден бас тартуды, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қоюды ұсынады".