Украина Қытайдағы екі қазақстандықты эвакуациялайды

0
761

Олар 20 ақпан күні эвакуацияланады.


Украина Қытайдағы екі қазақстандықты эвакуациялайды

ERNUR.KZ. Украина Қытайдағы екі қазақстандықты отанына жеткізуге көмектеседі. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, 20 ақпанда Уханнан тағы екі қазақстандық эвакуацияланады.

"Украиналық ұшақ бар, ол екі елдің азаматтарын жеткізеді. Бастапқыда Алматыға ұшып келеді де, сосын ары қарай Киевке ұшып барады", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Мұның алдында министр Жапония жағалауында тұрған кемедегі төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырмағанын және таяуда отанына оралатынын айтқан болатын. "Diamond Princess лайнерінде 4 азаматымыз бар. Олар коронавирус жұқтырмаған. Оған лайнердегі өткізілген тест нәтижесі дәлел. Ал бүгіннен бастап лайнердегі барлық жолаушы карантиннен сыртқа шығарылады. Мұнда да жолаушылар қосымша тексерістен өтеді", - деген еді сыртқы істер министрі мәжіліс кулуарында.