Ұлттық банк 200 теңгелік банкноттың қабылданбай жатқанына пікір білдірді

0
787

Айналымдағы банкоталар заңды күшін жойған жоқ.


Ұлттық банк 200 теңгелік банкноттың қабылданбай жатқанына пікір білдірді

ERNUR.KZ. Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржы реттеушісінің хабарлауынша, бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті.

Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді.

«Бұған қоса, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтеміз. Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады», - делінген банк хабарламасында.

Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.