Ұлттық банк "7-20-25" бағдарламасының жабылуына қатысты пікір білдірді

0
621

Ғалымжан Пірматов бұл бағдарлама бойынша өтінімдер саны бөлінген қаражат қалдығынан асып түскенін айтты.


Ұлттық банк

ERNUR.KZ. Ұлттық банк басқармасы төрағасы Ғалымжан Пірматов "7-20-25" бағдарламасының жабылуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп жазады tengrinews.kz.

"Қазақстандық қоғамда "7-20-25" бағдарламасы жақын арада, қаражат игеріліп болғанан кейін жабылады деген қауесет жиі таралады", - деп сұрады журналистер Ұлттық банк басшысынан Астанада өткен брифингте.

Ғалымжан Пірматов бұл бағдарлама бойынша өтінімдер саны бөлінген қаражат қалдығынан асып түскенін айтты.

"Біз бұрын хабарлағандай, толық игерілуін күтеміз. "7-20-25" бағдарламасына сәйкес: бөлінген қаражат толық игерілгеннен кейін ғана одан шығамыз. Қашан аяқталады? Бұл қаражаттың қаншалықты тез игерілетініне байланысты. Біз нақты жауап бере алмаймыз. Негізінде өтінім саны бұл бағдарлама бойынша қалған қаражаттан көп", - деді Ғалымжан Пірматов.