Қыркүйекте нарық өте құбылмалы болды.
ERNUR.KZ. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың қыркүйекте айында валюта нарығында болған құбылмалы жағдайды түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қыркүйекте нарық өте құбылмалы болды. Коронавирустың екінші рет қайталануы Еуропаның бірқатар елдерінде және Ұлыбританияда байқалып отыр, бұл әлемдік нарықтағы ахуалға әсер етеді. Аустралияның, Канаданың, Еуроаймақтың, Англияның, АҚШ-тың, Ресей мен Қытайдың орталық банктері негізгі мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтады, бұл талдаушылардың күткеніндей болды», - дейді ол.
Дамушы елдердің валютасы бір айда төмендеді: түрік лирасының құлдырауы 5,2%, Ресей рублінің төмендеуі 4,9%-ды құрады, Мексика, Бразилия және Индонезия валюталары 2,2% - 2,7%-ға төмендеген.
«Қыркүйекте Brent маркалы мұнай бағасы 10%-ға төмендеп, маусымдағы деңгейге қайта түскен. Сұранысқа деген ықтимал шектеулер мен ұсыныстың артуы туралы жаңалықтар мұнай бағасына қосымша қысым көрсетті. Ливия тау-кен кәсіпорындары сегіз ай үзілістен кейін мұнай өндіруді қайта бастағанын мәлімдеді. Үндістанда мұнайға сұраныс төмендеді», - деді Әлия Молдабекова.
Қыркүйек айында биржадағы сауда-саттық көлемі 2,6 млрд долларға жетті. Бұл наурыз айындағы нарықтардың құлдырауын есепке алмағанда, жыл басынан бергі ең жоғарғы мән.
«Ұлттық банк наурыздан бастап алғаш рет 232 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізді. Бір ай бойы шетел валютасына сұраныс артқанына қарамастан, кепілді трансфертті қамтамасыз ету шеңберінде Ұлттық қордан шамамен 551 млн доллар теңге мөлшерінде сатулар, сондай-ақ қыркүйекте 300 млн долларды құраған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатулары теңгеге қолдау көрсетті», - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Жалпы алғанда, бір айда Қазақстан валютасы 2,8%-ға әлсіреді (420,11 теңгеден 431,82-ге дейін). Әлия Молдабекова не себепті теңгенің әлсіреп, рубльдің нығайғанын түсіндірді.
«Рубльді қолдайтын факторлар болды. Үкіметтің валюталық директивасына сәйкес, компанияларға мемлекеттің қатысуымен таза валюталық активтер мөлшерін шектеу тапсырылды, бұл қосымша валюта ұсынысын тудырады. Оған қоса, РФОБ Сбербанк акцияларының пакетін сатудан түскен валюта қалдықтарын сатуға қайта оралды. Жалпы рубль жыл басынан бері долларға қатысты 26,5%-ға әлсіреді, қыркүйектің өзінде 4,9%-ға әлсіреді. Осы кезеңдерде теңге тиісінше 12,3%-ға және 2,8%-ға әлсіреді», - деді ол.
Теңге бағамы ең алдымен сыртқы және ішкі факторлар негізінде қалыптасады, негізгінен мұнай бағасына тәуелді.
«Ұлттық банк теңге үшін негізгі іргелі фактор – мұнай нарығындағы ахуалды мұқият қадағалап отырады. Азия аймағындағы сатып алушылар үшін қараша айында Arab Light негізгі сұрыпына деген бағаның көтерілуі энергетикалық нарық үшін жағымды жаңалық болды. Азия Сауд Арабиясы үшін негізгі нарық, сондықтан бағаның өсуі сұраныстың жақсарғанын көрсетуі мүмкін, өйткені Saudi Aramco қыркүйек пен қазан айларында сұраныстың тоқырауына байланысты сату бағасын төмендетті», - деп түсіндірді.