Желіде алты ер кісінің қыздарға арналған ұлттық киімді киіп, бұрала билеген көрінісі жазылған бейнежазба тарады.
ERNUR.KZ. Видео той немесе ұжымдық кеште түсірлген секілді. Көріністен бишілердің жас емес екені анық көрінеді, деп жазады Экспресс К.
Орта жаста болса да, қыздардың көйлегін киіп, сылаңдап ерсі қимыл көрсеткен азаматтарға желі қолданушылары ашулы. Әп-әйдік еркектердің мұндай әрекеті өте жарасымсыз деп сөкті пікір білдірушілер.
"Бұл ұлттық киімімізді мазақ қылу", "Сайқымазақтар" — деген секілді сыни пікір қалдырды көпшілік.
Ал кейбір жандар "бұл сахналық қойылым ғой, қатты сынай бермейікші", "көңіл көтеру үшін билеген шығар" — деп орта жастағы бишілерді қорғаштады.
Желіде тараған видеоның қайда және қашан түсірілгені әзірге белгісіз.