Ұлытау облысында мемлекеттік мекеме басшысы 13 мың метр су құбырын ұрлаған

0
493

Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды.


Ұлытау облысында мемлекеттік мекеме басшысы 13 мың метр су құбырын ұрлаған

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігінің Ұлытау облысындағы департаменті Жезқазғандағы құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдіктіні сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады zakon.kz.

Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды. Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқ екені туралы жалған анықтама беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.

"Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кетейік, қазір аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес", - дейді Қаржы мониторингі агенттігі.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.