Ұлытау облысында жоғалған екі қойшы 8 күннен бері табылмай жатыр

0
532

Іздеу жұмыстарына ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.


Ұлытау облысында жоғалған екі қойшы 8 күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында жоғалған екі қойшы 8 күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін, 9 қаңтарда іздеу жұмыстарына ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Іздестіру жүргізілген бағыт Жезқазған қаласы - «Тоба» қыстағы және «Кіші Киік» қыстағы - Жезқазған қаласы.

Іздестіруге Ұлытау ауданы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Айта кетейік, «Кіші Киік» қыстауының 58 жастағы жұмысшысы 31 желтоқсан күні қыстақтан белгісіз бағытта шығып кеткен болатын. Жоғалғаны туралы 2 қаңтарда хабарланды. Іздестіру жұмыстары 8 тәулік бойы жүргізілуде.

Сондай-ақ 3 қаңтар күні кешке «Тоба» қыстағының иесі 44 жастағы қойшы мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы хабарлаған.

«Екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. ТЖ департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз», - делінген хабарламада.