Ұсақ бұзақылық жасағандар қаланы тазалайды

0
1 668

Сот осылай шешім шығарады.


Ұсақ бұзақылық жасағандар қаланы тазалайды

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық үшін істі болған 400 азамат соттың шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосқан. Бұл жөнінде қалалық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Өмірде шалыс қадам жасаған азаматтар көшені көгалдандыру, ауланы тазалау сынды жұмыстарды істеп жүр. Күнделікті сот шешіміне байланысты 4 сағаттан 8 сағатқа дейін еңбек етеді екен.

Бүгінде бас қалада пробациялық бақылауда тұрған 2400-ден астам тұрғын бар. Мұндай жазаға кесілген азаматтар тегін еңбек етеді.

«Соттың шешімімен 4 сағат жұмыс жасайды. 4 сағат жұмыс жасайтындардың ішінде оның тұрақты жұмыстары бар, я болмаса оқу оқитын адамдар. Ал, егер қолдары бос болса күніне 8 сағат жұмыс жасайды. Жұмыстары тегін. Олар, негізі көше тазалау, көшені көгалдандыру, қыста қар тазалау жұмыстарына жұмысқа тартылады», дейді ҚР ІІМ қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы ЕРНАТ АҚЫЛЖАНОВ.