"Үш баласы қалды": Ақтөбеде сноуборд қағып көз жұмған әйел мектепте мұғалім болған

0
583

қиға кезінде 1 жасар ұлы оның қолында болған.


ERNUR.KZ. Ақтөбеде сноуборд қағып қайтыс болған әйел мектепте мұғалім болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

40 жастағы мұғалім 30 Қаңтарда жерленді. Қазір мектептің екінші қабатында оның портреті ілінген, онда оқушылар гүл қойып, мұғалімдеріне хат жазып қалдырған.

Мектеп директоры Эльвира Галимованың айтуынша, Самал Байдаулетова жақында ғана 9 қаңтарда декреттік демалыстан шыққан. Бар болғаны екі апта ғана жұмыс істеп үлгерген. 27 қаңтарда ол әріптестеріне отбасымен және достарымен бірге қала сыртында демалыс орнына бара жатқанын айтқан. Ал келесі күні ұжымға мұғалімнің қайтыс болғаны туралы хабарланды. Оқиға кезінде 1 жасар ұлы оның қолында болған, анасы оны жамылғымен орап алған екен. Бұл нәрестені қайғылы жағдайдан сақтап қалса керек. Десе де бүлдіршін ми жарақатымен ауруханаға түсті.

«Самал Жұмағазинқызы біздің мектепте 2016 жылдан бастап жұмыс істеді, содан бері біз дос болдық. Ол өте тәртіпті және жауапты болды. Балалары үшін де, оқушылар үшін де бірдей уайымдайтын. Оның екі қызы бар, үлкені 3-сыныпта, екіншісі енді ғана мектепке барады. Сол күні балалары да, жұбайы да Самалмен бірге демалыс базасында болды. Балалар сырғанақта болған, олар зардап шеккен жоқ, ал Самал ұлымен бірге төмен жақта жүрген. Ол үшінші сәбиін қатты қалаған еді. Ұлын дүниеге әкелгенде, біз ол үшін өте қатты қуандық. Әрине, оған қиын оңай болған жоқ. Үш жыл бұрын анасы, одан кейін ағасы қайтыс болды, бірақ, соған қарамастан ол әрдайым позитивті болуға тырысты, әрқашан туыстарына қамқорлық жасады. Олар қайын атасымен бірге тұрды, Самал ол кісіге жақсы қарайтын» - дейді № 16 орта мектептің психологы Ақалтын Машар.

Әріптестерінің айтуынша, мұғалім ретінде ол креативті маман болған, өз жұмысын жақсы көрді, түрлі жарыстарға қатысып, әрдайым жүлделі орындардан көрінген. Үнемі жаңашылдықты қолдануға тырысқан. Мұғалімдер де, оқушылар да қайғылы жағдайды ауыр қабылдады.