Ұзынағашта балаларды қинап, байлап тастаған адам ұсталды

0
524

Ұсталған күдікті бұған дейін "зорлау" бабы бойынша сотты болған екен.


Ұзынағашта балаларды қинап, байлап тастаған адам ұсталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады, деп жазады baq.kz.

Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды, - деді Бауыржан Әленов.

"Криминальный Казахстан" телеграм-каналының мәліметінше, ұсталған күдікті Түркістан облысының тумасы. Бұған дейін "зорлау" бабы бойынша сотты болған екен.

Айта кетейік, Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы азаптағаны туралы жазған болатынбыз.