Ол 17 мамырдан бастап қысқа мерзімді демалыс алған.
ERNUR.KZ. Сотталушы Мейіржан Төребаев колонияға қайта оралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Павлодар облысының ҚАЖД хабарлауынша, Төребаев 17 мамырда анасының денсаулық жағдайына байланысты қысқа мерзімді демалыс алған. 27 мамырда ол жазасын әрі қарай өтеу үшін колонияға қайта оралды.
Еске салайық, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталған.