Вице-министр ҰБТ мен мектеп бітіру емтиханын біріктіру туралы пікір білдірді

0
1 265

Екі мемлекеттің арасындағы шарт күшіне ену үшін 100 раундтан тұратын келіссөз жүргізілген.


Вице-министр ҰБТ мен мектеп бітіру емтиханын біріктіру туралы пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ҰБТ мен мектеп бітіру емтиханын біріктіру ұсынысы туралы пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

"Негізгі ҰБТ мен мектеп бітіру емтихандарының арасы тым жақын болғандықтан талапкерлердің жүктемесі ауырлап кеткен дейтін сын айтылып жүр. Екі емтиханды біріктіру мәселесін қарастырмайсыздар ма?", - деп сұрады журналист орталық коммуникациялар қыземтінде өткен брифингіде.Вице-министр мұндай тәжірибе бұрын болғанын еске салды.

"Тарихтан қарасақ, ондай тәжірибе бұрын болған. Түлектер бір ғана емтихан тапсыратын. Ол емтихан қорытындысы мектеп бітіру қорытындысына да, оқуға түсуге де жарамды болды. Бірақ 2017 жылдан бастап қоғамның талап-тілектерін ескере келіп, осы екі емтиханды бөліп тастадық. Мектеп түлегінің емтиханы орта білім деңгейін тексеретін болса, ҰБТ университетте оқу мүмкіндігін айқындайды. Осындай шешім қабылданған және оны өзгертпейміз деп ойлаймын", - деді министрдің орынбасары.

Қуаныш Ерғалиев келер жылы да ҰБТ сұрақтарының сапасын арттыруға шетелден мамандар тартылатынын айтты.