Вице-министр: жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болды

0
1 576

Бүгін мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Вице-министр: жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болды

Бүгін мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жергілікті полиция және ішкі істер департаменті деп бөлу құқық қорғау қызметінде бір адамдық басқару және бағындыру шартын бұзуға әкелді. Жергілікті полиция және ішкі істер органдарының басқармалары арасында қайшылық фактілері орын алды. Жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болған. Тіпті аудандық бастықтардың облыстық жергілікті полиция басшыларына бағынбаған фактілер болған. Осындай жағдай президент әкімшілігінің тексерісі кезінде де расталды. Әсіресе, Оңтүстік Қазаақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында болған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, құқықтық тәртіптің негізі ол қатаң бағыну болып табылады", — деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.

Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын әзірлеген.

"Бірінші, ішкі істер департаменттері негізінде полиция департаменттерін құру. Бұл аумақтық ішкі істер департаменті құрылымына тек полиция міндеттерін атқаратын бөлімшелер кіруімен байланысты. Екінші, министрлікке бағынысты етіп полиция департаменттерін және жергілікті полиция қызметін қосу. Сонда дара басшылық және тік бағынушылық принциптері сақталады", — деді ол.

Бұдан бөлек әкімдерге полиция органдарының құқықтық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін жүктеу, сонда-ақ ішкі істер министрінің ұсынысы бойынша полиция департаменті бастықтарын тағайындау және босату құқығын беру көзделіп отыр. Вице-министрдің айтуынша, бұл құқықбұзушылық профилактикасында әкімдердің рөлі мен жауапкершілігін күшейтеді. Осы ретте департамент басшысы жылына бір рет әкім мен халықтың алдында есеп беретін болады.

"Төртінші, мас күйінде жасалатын және рецидивтік құқық бұзушылықтардың қосымша әдістері мен формулалары орнатылады. Атап айтқанда, жазасын өтеуде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға алкогольді ішімдік ішуге толық тыйым салынады. Бұрын сотталған адамдарға қатысты әкімшілік қадағалау үш жылдан бастап соттылығын жоюға дейінгі мерзімге ұзартылады. Бесінші, адамдарды әкімшілік ұстау мерзімін 3-тен 24 сағатқа дейін ұлғайту енгізіледі", — деді ол.