WhatsApp арқылы қызды балағаттаған ер адамға 13 мың теңге айыппұл салынды

0
1 118

Оқиға Ақтауда орын алған.


WhatsApp арқылы қызды балағаттаған ер адамға 13 мың теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Ақтаудағы мамандандырылған әкімшілік соты WhatsApp желісі арқылы қыз баланы балағаттап, ар-намысына тиген азаматты жазаға тартты, деп жазады zakon.kz.

Іс материалдары бойынша, ер адам жәбірленушіге WhatsApp мессенджері арқылы оның ар-намысын қорлап, қадір-қасиетін кетіретін ғайбат сөздер сипатында хабарлама жолдаған.

Сот қаулысымен Ш. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-тармағына, яғни "Ұсақ құқық бұзушылық" бойынша кінәлі деп танылып, оған бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, деп хабарлады сот.