Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін "Жаңа қауымдастық" қосымша парағын ашу керек. Ол Android жүйесінде чат тізімінің үстінде немесе iOS жүйесінде оның астында орналасқан.
ERNUR.KZ. 3 қарашадан бастап WhatsApp "Қауымдастық" қызметін, көп адамға бірдей бейнеқоңырау шалу, чаттарда сауалнамалар мен үлкен топтар құру мүмкіндігін іске қоса бастады, деп жазады zakon.kz.
Әзірлеушілердің сөзінше, бірнеше айдан кейін бұл функциялар барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады.
Олардың пікірінше, қауымдастық (мысалы, аудан тұрғындары, мектеп оқушыларының ата-аналары, жұмыстағы әріптестер) мүшелері енді WhatsApp-та топтық хат алмасуға мүмкіндік беретін көптеген топты бірден біріктіре алады.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін "Жаңа қауымдастық" қосымша парағын ашу керек. Ол Android жүйесінде чат тізімінің үстінде немесе iOS жүйесінде оның астында орналасқан.
Мұнда сіз жаңа қауымдастық жасай аласыз немесе қауымдастыққа бар топтарды қоса аласыз.
Қауымдастықтың мүшесі бола отырып, қажетті ақпаратты іздеу үшін ондағы топтар арасында оңай ауыса аласыз және әкімшілер маңызды жаңалықтарды осы қауымдастықтың барлық мүшесіне жібере алады.
Тағы үш функция іске қосылады:
- чатта сауалнамалар жасау;
- 32 адамға дейін бейнеқоңырау шалу;
- 1024 пайдаланушыға дейін топтар құру.
Бұл мүмкіндіктердің барлығын кез келген топта қолдануға болады (эмодзи реакциялары, үлкен файлдарды ортақ пайдалану және әкімші жою сияқты), бірақ әсіресе қауымдастықтар үшін пайдалы.