​Енді орынды себептермен ҰБТ-ға қатыса алмай қалған түлектер басқа күні тест тапсыра алады

0
1 574

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысының кулуарында ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты.


​Енді орынды себептермен ҰБТ-ға қатыса алмай қалған түлектер басқа күні тест тапсыра алады

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысының кулуарында ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты,- деп хабарлайды Sputnik
Бұрын түлектер қандай да бір себеппен өз тобында ҰБТ тапсыра алмай қалса, онда оқушының басқа топта тест тапсыру мүмкіндігі болмайтын. Ал биыл шарттар жеңілдеп, тест тапсыру күнін ауыстыру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Әлімқұловтың айтуынша, осы жылы ҰБТ форматы өзгермейді, бұрынғысынша бес пәннен тұрады: үшеуі – міндетті, қалған екеуі – таңдау бойынша. Міндетті пәндерге математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы кіреді. Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын тест тапсырмаларының барлық түрін 35%-ға жаңартады.

"2018 жылы тест тапсырмаларының базасы 50%-ға жаңарды. Егер 2017 жылы бізде 80 мыңнан астам тест тапсырмасы болса, биыл 120 мыңнан асады. Оның шамамен 11 пайызы функционалды сауаттылықты анықтауға бағытталған, 37 пайызға жуық сұрақтың бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар", — деді Әлімқұлов журналистерге.

Сынақ сұрақтары мазмұны жағынан биылғы ҰБТ-ға өте жақын, бірақ тестілеу кезінде қайталанбайды.