Зайсан ауданында қытайлық ұйым жарылыс ұйымдастырды (видео)

0
1 321

Қытайдың "Цзинь-цзинь" компаниясы тапсырыс берген.


Зайсан ауданында қытайлық ұйым жарылыс ұйымдастырды (видео)

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы жарылыс елдің зәре-құтын қашырды. Жарылыстың қатты болғаны сонша, бірнеше ауылдағы үйлердің тұрғындары жердің дірілін сезіпті. Дүмпу тіпті шекаралас жатқан Тарбағатай ауданының халқына да естілген, деп жазады Stan.kz.

Жарылыс 13 қаңтар күні сағат 15:00 кезінде Кеңсай ауылын 7-8 шақырым қашықтықтағы таудың етегінде жасалған. Шығыс Қазақстан облысымен өтетін Зайсан ауданында орналасқан Омбы-Майқапшағай тас жолының құрылысы үшін аймақтағы карьерді жаруға Қытайдың "Цзинь-цзинь" компаниясы тапсырыс беріпті. Бұл жерден жолға қажетті тас материалдары алынады екен.

"Жарылыстан кейін ауыл тұрғандарынан осы уақытқа дейін үйімізге залал келді деген ешқандай шағым келіп түскен жоқ", - деп мәлімдеді Зайсан ауданы әкімі апаратының төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Марат Сәрсембаев.