Жалақысы 300 мың теңге: Қазақстанда мал бағатын адам тапшы

0
1 623

Жастар бақташылыққа қызықпайды, дейді шаруа қожалығы иесі.


Жалақысы 300 мың теңге: Қазақстанда мал бағатын адам тапшы

ERNUR.KZ. Мал бағатын шопан жоқ! Шығыстағы фермерлердің тығырыққа тірелгені сонша шетелден бақташы іздеуге кіріскен. Кәсіпкерлер қанша жоғары жалақы берсек те, жалдамалы жұмысшы болуға ешкімнің келіскісі жоқ деп налиды. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шаруа қожалық иелерінің базынасын тілшіміз тыңдап қайтты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жеңісбек Кәрімбаевтың бес мыңнан астам қойы бар. Оны небәрі үш-ақ шопан бағып жүр екен. Фермердің сөзінше, өңірде мал бағатын адам тапшы. Ал жастар бақташылыққа қызықпайды, дейді. Салдарынан қой шаруашылығы тығырыққа тірелуде.


«2120 малшы жоқ! 10 малшы керек 10 табынға, 3 ақ адамға жайдырып отырмыз. Менің ғана мәселем емес! Күні бүгінге дейін шешілмей келеді. Осыны қалай шешеміз? Тіпті анау Пакистан, Ауғаныстаннан, дальний зарубежден маман алдырайық!», - дейді шаруа қожалығының иесі Жеңісбек Кәрібаев.


Шаруа қожалық иелері жастарға 300 мың теңге жалақы төлеуге дайын. Тіпті айына бір рет сыйақы ретінде 1 қой береміз дейді. Бірақ оған да ешкім келіспеген.


«Қазіргі жастар мал бағуға қызығушылық танытпайды. Бұл мал шаруашылығына мал дәрігерлері де жастар қызығушылығы көрсетпейді. Өйткені кішкене қызықтыратын ештене жоқ па деймін. Осы шаруашылықта 210 мың айына. 30 күнге оның үсітіне 1 бас қой сыйақы ретінде беріледі», - дейді мал дәрігері Құмар Молданбаев.


Былтыр бақташы таппай әбден қиналған қожалық иесі Қырғызстаннан шопан алдыртыпты. Бірақ пандемия салдарынан әлгі жалдамалы жұмысшылар биыл елге жете алмай әуре-сарсаңға түскен.


«Қазір маман жоқ! Табу үшін ауданда жоқ, облыста жоқ! Басқа Аягөзде Алматыдан, былтыр Қырғыздың 7 азаматы болды. Биыл осы мына наурыз айынан бері карантинге байланысты кісілер келе алмай отыр. Дәл қазір мал бағатын адам тапшы. Бір кадрдың жестпеушілігі бәріне қолбайлау болып отыр», - дейді шаруа қожалығының иесі Жеңісбек Кәрібаев.


Ал, облыстық ауылшарушалығы басқармасы жастарды бұл кәсіпке қызықтыру үшін малшының мәртбесін көтеріп қана қоймай, оларға жағдай жасау керек, дейді.


«Жалпы қой шаруашылығының мәртебесіне көтеру керек. Сондай ақ, мал өсірумен айналысықы келетін кез келген азаматқа жерді өз иелігіне, яғни жекеменшікке берген дұрыс. Одан бөлек мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер болса ғана жастардың қызығушылығы болады деп ойлаймын», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян.


Мал бағу оңай жұмыс емес екені анық. Бірақ онымен айналысатын адам үшін барлық жағдай жасауға дайынбыз, дейді қожалық иелері.