​Жамбыл облысында пойыз апатынан зардап шеккендер өтемақы алады

0
1 115

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген төлемдерден басқа «ҚТЖ» ҰК 1000 АЕК көлемінде қаза болған баланың отбасына төлемек. Ол шамамен 2 миллион 405 мың теңге болады. Сондай-ақ, зардап шеккен жолаушыларға, денсаулыққа келтірілген залалдарының ауырлығына қарай 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін бөледі.


​Жамбыл облысында пойыз апатынан зардап шеккендер өтемақы алады

ERNUR.KZ. Үкіметтің бүгінгі отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы «Сары-Шаған-Шу» учаскесінде Астана-Алматы бағыты бойынша № 9 жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына байланысты бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сегіз вагон рельстен тайып кеткен, екеуі бүйіріне қарай еңкейген. Апат салдарынан 23 адам зардап шекті, өкінішке орай адам шығыны бар. Бір жолаушы Шу қаласының ауруханасына жатқызылды. Оның мұрны сынған. Алматы-1 темір жол вокзалында барлық жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді. Көз жұмған баланың отбасына жан-жақты көмек беріліп жатыр, зардап шеккендерде назардан тыс қалмады, - деп түсіндірді Қанат Алпысбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген төлемдерден басқа «ҚТЖ» ҰК 1000 АЕК көлемінде қаза болған баланың отбасына төлемек. Ол шамамен 2 миллион 405 мың теңге болады. Сондай-ақ, зардап шеккен жолаушыларға, денсаулыққа келтірілген залалдарының ауырлығына қарай 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін бөледі.

«ҚТЖ» ҰК »АҚ апаттың салдарын жою үшін іс-қимылдарды үйлестіру операциялық штабын құрды» деді ұлттық компанияның басшысы.

Өз кезегінде ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты, агенттік әрбір участкені қатаң бақылайтынын жеткізді.

«Сары-Шаған-Шу учаскесінде қарапайым пойыздардан бөлек, жылдам пойыздар күнделікті жүріп тұрады. Осыған байланысты біздің министрлік тиісті қызметтердің жоғары жылдамдықты бөлімшелерін диагностикалауды уақтылы жүргізуге тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Рәсімге сәйкес, мұндай тексерулер айына екі рет жүргізіледі, соңғы диагностика 6 маусымда жүргізіліп, жолдың техникалық талаптарға сай келетінің көрсетті», - деді Скляр.

Р.Скляр атап өткендей, осы пойыздың барлық вагондары 2012-2014 жылдары шығарылған.