Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің жануына техникалық ақау себеп болғанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында тас жол бойында көлік өртенді, деп жазады sputnik.kz.
Жамбыл облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Алматы – Ташкент тас жолының 943-шақырымында болды. Көліктің жанып жатқаны туралы хабар сағат 16:57-те түсті. Өртті сөндіруге Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.
Көліктегі өрт сағат 17:35-те толық сөндірілді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көліктің жануына техникалық ақау себеп болған.
Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші көліктен уақытында шығып үлгерген.