Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.
ERNUR.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Zakon.kz.
Жамбыл облысында - бір учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" автожолы, Кенен а.– Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) - 95 шақырым.
Жетісу облысында - бір учаске:
- "Үшарал-Достық" Көктұма ст. – Достық ст. - 100 шақырым. Шектеу барлық көлік түріне қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.