Жамбылда төтенше жағдай: Көмекке қырғыз құтқарушылары келді

0
783

Қар құрсауында қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.


Жамбылда төтенше жағдай: Көмекке қырғыз құтқарушылары келді

ERNUR.KZ. Қазақстанның оңтүстік облыстарында көліктер жолда тұрып қалды. Оларға Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстанда қарлы боран салдарынан 100-ден астам көлік Алматы-Ташкент тасжолында қар құрсауында қалды.

Қырғыз ТЖМ мәліметінше, 14 желтоқсанда жолаушылар мінген 100-150 шамалы көлік Алға мен Қордай ауылдарының арасында қалып, Қырғызстанға өте алмай қалған.

Оларды құтқаруға Қазақстан тарапынан 99 құтқарушы мен 37 ауыр техника жұмылдырылды.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі 39 құтқарушы, 5 ауыр техника, бір жүк көлігі және 2 қарда жүретін көлік жіберді.

«Сағат 03.05-те құтқарушылар «Ақ-Жол» бақылау-өткізу бекетіне аттанды. Сағат 08.15-те олар Қазақстан аумағында болды», - деп атап өтті Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінен.

Қырғызстан мен Қазақстан дағдарысты басқару орталықтары арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша бес көлікпен еріктілер кедергісіз өтіп жатыр.

Қар құрсауында қалған азаматтар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.