Жаңа жүйеге өткен бірқатар мемлекеттік мекемеде жалақы 100 пайызға өскен

0
1 309

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Әділет министрлігінің және Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкімдіктері қызметкерлерінің жалақысы жыл басынан бері 100 пайызға өсті,-деп хабарлайды 24.kz.

Себебі аталған мекемелерде биылдан бастап жалақы төлеудің жаңа жүйесі пилоттық негізде енгізілді. Бұл мәселе «100 нақты қадам» ұлт жоспарында көтерілген болатын. Соның негізінде еңбекақы факторлы балдық шкала негізінде төленетін кепілдендірілген лауазымдық жалақы мен бонустардан тұрады. Жаңа жүйе енгізілгелі бері жобаға қатысып жатқан мекемелердегі бос лауазымдарға үміткерлер санының үш есеге дейін өскені байқалып отыр. «Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің имиджін арттырып, аппараттың одан ары кәсібиленуіне септігін тигізеді», – дейді отандық сарапшылар. Гүлнар Байтаева, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ доценті: - Осы жүйе басқа да мемлекеттерде жүзеге асырылған. Жаңа Зеландия, Канада, Сингапур жақта. Менің ойымша, бұл жүйе мемлекеттік қызметтің имиджін көтереді. Екіншіден, жауапкершілікті арттырады және ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.