​Жаңадан ректор тағайындалды

0
1 729

Экономика ғылымдарының кандидаты.


​Жаңадан ректор тағайындалды

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры қызметіне Ізбасаров Ербол Дүйсебайұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ М. Тынышбаев атындағы ҚазККА ресми сайтына сілтеме жасап.

Ербол Дүйсебайұлы Ізбасаров 1983 жылы туылған. 1999 жылы орта мектепті үздік аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Экономикалық кибернетика» мамандығын бітірген. Қазақ-Британ университетінің магистратурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі 1999 жылдан басталған.

1999 – 2003 жж. - «Жеміс шаруашылығы және жүзім өсіру ҚазҰЗИ» РМКК халықаралық қатынастар, патенттік зерттеу және маркетинг бөлімінің ақпараттық технология және ақпараттық жүйелер бойынша 2 және 1 категориялы инженері.

2003 – 2005 жж. - ҚР АШМ «Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі бойынша ғылыми – өнеркәсіптік орталық» РМК-да ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелердің жетекші инженері және Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде ақпараттық жүйелер бойынша бас инженері.

2005 – 2008 жж. - Қазақ инженерлік-технологиялық университеті ректорының кеңесшісі.

2008 – 2012 жж. - Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің Халықаралық қатынас және даму бойынша проректоры.

2012 – 2016 жж. - Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің Ғылыми жұмыс бойынша проректоры, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі.

Үйленген, үш баласы бар.