Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкері бар.
ERNUR.KZ. Қазақстанда төтенше жағдай кезінде 225 адам мәйітханаға жеткізілген, деп жазады Tengrinews.kz.
ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың айтуынша, елде тәртіпсіздіктер кезінде жалпы 4578 адам зардап шеккен, оның ішінде 4553 адам жарақат алған. Оның 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
"Бүгінгі таңда 4578 жәбірленуші анықталды, 4353-і жараланды, оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкері. ТЖ кезінде қаза тапқан 225 адам мәйітханаларға жеткізілді. Олардың бір бөлігі терактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлерінен шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкері бар", - деді ол ОКҚ брифингінде.