​Жастар жылы. Президент жастарға: Тәуелсіздікті орнаттық, қорғау – міндеттерің

0
2 639

Нұрсұлтан Назарбаев жастарға тәуелсіздікті қорғап қалуды тапсырды.


​Жастар жылы. Президент жастарға: Тәуелсіздікті орнаттық, қорғау – міндеттерің

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жастармен кездесіп, оларға тәуелсіздікті қорғап қалуды тапсырды, деп жазады BAQ.KZ.

«Отанымыз бір, ол – Қазақстан. Тәуелсіздігіміз біреу-ақ, соны көздің қарашығындай сақтау керек. Қанша буын бабаларымыз қан төгіп, аталарымыздың қанымен, аналарымыздың сүтімен келген тәуелсіздік. Осыны қолдан шығарып алсақ, онда біз олардың аманатын орындамаған болып шығамыз. Тәуелсіздікті алу бар, тәуелсіздікті қорғай білу бар. Осының бәрі жастардың мойнында. Біз орнаттық, қолдарыңа бердік, әрі қарай ұстап қалу сендердің міндеттерің», - деді ҚР Президенті жастармен кездесуінде.

Ол жастарға Қазақстандағы ұлтаралық татулықты үлгі етті.

«Қазақстанда қаншама ұлт татулықта өмір сүріп, бір-бірін сыйлағандықтан – бізді бүкіл әлем сыйлайды. Дәстүрлі түрде әлемдік діндер съезі өтетін бір жер бар, ол – Қазақстан. Басқа жер жоқ. Қазақстан бұл келіп, татуласатын алаң. (...) Өз ұлтымыздың, Отанымыздың патриоты болуымыз керек, бірақ басқа ұлттарға, елдерге ешқандай қарсылығымыз жоқ. Сол кезде гүлденеміз», - деді мемлекет басшысы.