Жатақхана тапшылығы: Алматыдағы 59 хостелге студенттер орналастырылмақ

0
885

Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді.


Жатақхана тапшылығы: Алматыдағы 59 хостелге студенттер орналастырылмақ

ERNUR.KZ. Жатақханада орын жетпей қалған университет студенттері шағын қонақ үйлерде тұратын болады, деп жазады Stan.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Бұл туралы министр Саясат Нұрбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Осылайша, министрлік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешуді жоспарлап отыр.

Алматыда университет студенттерінің жатақханасының жетіспеушілігін жеке жатақханалар есебінен шешеміз. Алматы қаласының жоғары оқу орындары 60-қа жуық шағын қонақ үй иелерімен келісім-шартқа отырды. Кәсіпкерлер ұсынысты ықыласпен қабылдады, - деп жазды министр.

Әр студентті орналастыру үшін жатақхана иелеріне айына 30-дан 50 мың теңгеге дейін төленеді. Жалпы, студенттерді қонақүйлерге орналастыру арқылы олар республика бойынша жатақханадағы 20 мың орын тапшылығының орнын толтыруды көздеп отыр.