Жатақханаларда тұратын жетім балаларға 100 мың теңге шамасында өтемақы беріледі

0
765

Аталған өтемақы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап беру қарастырылған.


Жатақханаларда тұратын жетім балаларға 100 мың теңге шамасында өтемақы беріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Биылғы жылы алғаш рет жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға ЖОО жатақханаларында тұрған кезінде 29 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (100 050 теңге) мөлшерде өтемақы қарастырылады", – деді спикер.

Оның айтуынша, бұл норма Үкіметтің қаулысымен бекітілген.

"Аталған өтемақыны 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап беретін боламыз. Бұл өтемақы студенттердің аталған санаттары үшін елеулі қаржылық қолдау болады", – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары.