Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жедел сатыға кіріп, ішінде ерсі қылық көрсеткен азаматтың кім екені белгілі болды.
ERNUR.KZ. Ол 1978 жылы туылған Тасқын Жүнісов есімді азамат, деп жазады exk.kz.
Азамат "Алмалы" тұрғын үй кешеніндегі жедел сатыны бүлдірген. Бейнежазба әлеуметтік желіге бірден тарап, қоғамның қызу талқысына түсті.
"Үңгірде туған ба? Ас үй батыры. Кешірім сұрағанын күтеміз", —деп жазды желі қолданушылары.
Көп ұзамай қоғамға зиян келтірген азамат кім екендігі анықталды. Ол өзінің қылығына ұялатынын айтып, көпшіліктен кешірім сұрады.
"Болған жайт үшін тұрғындардан кешірім сұраймын. Келтірген шығынды төлеп беруге дайынмын. Алдағы уақытта қайталамауға уәде беремін", - дейді Тасқын.
Алматы қалалық ПД жағдайды бақылауға алған.
"Оның іс-әрекеті әкімшілік құқық бұзушылықтың 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша тіркелді", - деді қалалық ПД басшысы Рүстам Әбдірахманов.
Әкімшілік жаза бойынша бұзақыға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке қамау көзделеді.