Полиция жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түркиялықты елден шығаруды талап етіп жатыр

0
1 169

Елімізде көші-қон заңнамасын бұзып, бұзақылық жасап жүрген азаматты мәжбүрлі түрде елден шығару ұсынылды


Полиция жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан түркиялықты елден шығаруды талап етіп жатыр

ERNUR.KZ. Полиция Алматыда жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан Түркия азаматы Али Демирді елден шығаруды талап етіп жатыр, - деп жазады тengrinews.kz.

Полициядағылардың мәліметінше, 28 жастағы ер адамға оқиға болған күні 18 қыркүйекте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабының 1-бөлігі бойынша ("Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы") 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (24 050 теңге) және сақтандыруы болмағандықтан тағы 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

"Көші-қон басқармасының өкілдері Али Эбузер Демирді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша ("Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы") әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қазіргі уақытта Али Эбузер Демирді қылмыстық жауапкершілікке тарту түрінде елден мәжбүрлі түрде шығару туралы өтініш берілді", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер.

Мұның алдында Николай Кучманың Али Демирді кешіргені хабарланған еді. Сондай-ақ, жәбірленуші соттан істі өз қатысуынсыз өткізуді өтінген.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте Түркия азаматының жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның ұсталғанын және жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.