Желіде қазақстандықтарға 140 мың теңгеден әлеуметтік төлем берілетіні туралы ақпарат тарады

0
639

Деректерге сүйенсек, белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.


Желіде қазақстандықтарға 140 мың теңгеден әлеуметтік төлем берілетіні туралы ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Желіде барлық қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы ақпарат тарауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі мұның алаяқтардың жаңа тұзағы екенін айтып, халықты сақ болуға шақырды, деп жазады stan.kz.

Деректерге сүйенсек, белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.

“Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуілеріңізді сұраймыз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.”, – делінген хабарламада.