Желіде шу тудырған алматылық екі түнгі клуб жабылды

0
960

Клубта жастардың сауық-сайран құрып жүргені түсірілген видео мен суреттер әлеуметтік желілерде таралды.


Желіде шу тудырған алматылық екі түнгі клуб жабылды

ERNUR.KZ. Алматыда карантинге қарамастан түнгі клубтың жұмыс жасап келгені анықталды, деп жазады Stan.kz.

Көпшіліктің клубта сауық-сайран құрып жүргені түсірілген видео мен суреттер әлеуметтік желілерде таралды.

Аталған жайт бойынша Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.


"Ауданның мобильді тобы санитарлық нормаларды бұзу фактілерін анықтау үшін ұдайы рейд ұйымдастырып отыр. Бұл рейд барысында Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзған бірқатар нысандар әшкере болды. 4 шілде күні Медеу ауданында орналасқан "Bla bla bar" және "Echo" секілді ұйымдардан осындай фактілер анықталған", - делінген ресми хабарламада.


Әкімдіктегілердің мәліметінше, ойын-сауық нысаны карантин аяқталғанша өз жұмысын тоқтатыпты.


"Бұл нысандар санитарлық нормаларды сақтамай, келуші қонақтарға қауіп төндірген. Мұнда келіп, көңіл көтеруші халықта есеп жоқ. Осыған байланысты аудан әкімдігі мамандары, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен және жергілікті полицейлерден құралған мобильді топ аталған мекемелерді тексеріп шықты. Сондай-ақ нысан басқарушысымен әңгіме жүргізіп, карантин кезінде сақталуы тиіс санитарлық нормаларды түсіндірді. Осыған байланысты аудандағы бүкіл кәсіпкерлер мен тұрғындарды өзіңіздің және айналаңыздағы жандардың қауіпсіздігі үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз", - деп қосты әкімдік өкілдері.


Айта кетейік, Қазақстанда 5 шілдеден бастап екі апталық карантин жарияланған еді.