Желіде тараған видео: Алматы көшелеріне бірнеше танк не үшін шығарылды

0
794

​Министр 16 наурызда төтенше жағдай енгізілген бойда әскери техниканың бәрі тұратын жеріне қайтарылғанын айтты.


Желіде тараған видео: Алматы көшелеріне бірнеше танк не үшін шығарылды

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Алматылықтар көшедегі танкілерді ұялы телефонға түсіріп алған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бейнероликте кеше Алматыда ауыр техниканың жүргені жайында айтылады. Бұл – бұрмаланған ақпарат. Ақпанның соңында Алматыдағы десанттық-шабуылдаушы бригаданың үш танкісі облыс полигонына шығып келген. Сол жерде жоспар бойынша оқ атудан жаттығулар өтті", - деді Ермекбаев бүгінгі онлайн брифингте.


Министрдің айтуынша, 16 наурызда төтенше жағдай енгізілген бойда әскери техниканың бәрі тұратын жеріне қайтарылды.

"16 наурыздан бастап техниканы шығару және тұрақты орналасу пунктерінен тыс жердегі барлық шара тоқтатылды", - деп атап көрсетті Ермекбаев.