Желіде Жезқазғандағы ереуіл кезіндегі видео тарап жатыр

0
1 115

Наразы қызметкерлер басшылыққа бірқатар талап қойған.


Желіде Жезқазғандағы ереуіл кезіндегі видео тарап жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жалақыларын өсіруді талап еткен "Қазақмыс Корпорациясының" мердігер компанияларының бірінің қызметкерлерінің видеосы тарады. Оқиғаға қатысты Жезқазған әкімдігі түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жезқазғанда "Қазақмыс Корпорациясының" мердігер компанияларының бірі "KM TRANCO" ЖШС компаниясының бөлімшесінің қызметкерлері жұмысқа шықпаған. Қызметкерлер кәсіпорын ғимаратының алдына жиналып, қандай талап қойып отырғандарын түсіндірді. Оқиға орнына көлік компаниясының өкілдері мен қала әкімі қайрат Абсаттаров келді. Олардың қызметкерлермен жүргізген келіссөзінің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

Видеоның бірінде қала басшысы қызметкерлерді жұмыс орнына оралып, олардың талабын түсіндіретін белсенділер тобын құруды ұсынған. Ал қызметкерлер жұмыс орнына оралуға асығар емес, себебі олар бұған дейін әкімдікке жоспарланған жиын туралы ескерткен.

Жезқазған әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, бүгінде қаладағы жағдай тұрақты екенін айтады. Компания қызметкерімен келіссөз жүргізіліп жатыр.

"KM TRANCO" кәсіпорнында қызметкерлердің жалақы деңгейін өзгерту мәселелері бойынша дау туындады. Жағдайды түсіндіру үшін Жезқазған әкімі ұжыммен кездесіп, қызметкерлерге 13-жалақы төленетінін және жалақыны қайта есептеу жүргізілетінін түсіндірді. Бүгінде кездесу кәсіпорынның акт залында тыныш және сындарлы жағдайда өтіп жатыр. Қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Бас директорымен кездесулер өткізіледі", - дейді әкімдік өкілдері.

Наразы қызметкерлер жалақыны жүз пайызға өсіруді талап етіп, басшылыққа бірқатар талап қойған.