Жемқорлықпен күресетін еріктілер 4 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді

0
423

Бүгінде жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына 3 мыңға жуық адам кіреді.


Жемқорлықпен күресетін еріктілер 4 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді

ERNUR.KZ. Жемқорлықпен күресетін еріктілер 4 млрд теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп жазады sputnik.kz.

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы еріктілердің жалпы республикалық жастар дөңгелек үстелі өтті. Жиында жемқорлықпен күресетін еріктілердің жұмысы қорытындыланды.
"Бүгінде еріктілер қатарына 3 мыңға жуық адам кірді. Олардың арқасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде 4 млрд теңгеден астам сомаға бағаны көтеруге жол берілген жоқ", - деп мәлімдеді Сарқұлов.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында еріктілерге 2024 жылғы 4 сәуірде күшіне енген "Қоғамдық бақылау туралы" заң таныстырылды.
Жаңа заң қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық белсенділердің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жұртшылықтың пікірінше, бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің қызметін заңдастыру және олардың бастамаларын тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдай жасай отырып, жобаны дамыту үшін жаңа серпін болады.