Жер қатынастары саласында еңбек ететін басшылардың 30%-ының ғана тиісті кәсіби білімі бар

0
1 203

​Қалған 70%-ы – заңгерлер, экономистер, құрылысшылар, зоотехниктер, гидротехниктер, механиктер.


Жер қатынастары саласында еңбек ететін басшылардың 30%-ының ғана тиісті кәсіби білімі бар

ERNUR.KZ. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Оқу орындарында білім сапасын көтеру керек. Ол үшін универиеттерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы кәсіптік стандарт әзірлеп беруі тиіс. Ал облыс және аудан әкімдеріне қарасты жер қатынастары басқармалары басшыларының кәсіби біліміне байланысты айтарым бар. Елімізде жалпы саны мұндай 229 құрылым жұмыс істейді. Олардың саралай келе мекеме басшыларының тек 30%-ының ғана жер қатынастары саласында кәсіби білімі бар екенін анықтадық. Өзге 70%-ы заңгерлер, экономистер, құрылысшылар, зоотехниктер, гидротехниктер, механиктер және өзге де салалар маманы», - деді Ақылбек Күрішбаев.