Жер сілкінісі Талғардағы камераларға түсіп қалған

0
339

Жазбадан жер сілкінісінен жердің айтарлықтай қатты дірілдегенін көруге, ал дыбыс шуылға ұқсайтынын естуге болады.


Жер сілкінісі Талғардағы камераларға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде тараған видеода жер дүмпуі мен гуілдеген дыбысты естуге болады, деп жазады baq.kz.

Жазбадан жер сілкінісінен жердің айтарлықтай қатты дірілдегенін көруге, ал дыбыс шуылға ұқсайтынын естуге болады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 11:30-дағы жағдай бойынша Алматы қаласының тұрғындарынан «112» желісі бойынша 104-ке жуық, ал Алматы облысы бойынша 120-ға жуық ақпараттық сипаттағы қоңыраулар түскен.

Бүгін Астана уақытымен сағат 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінген еді. Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмағаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, жер сілкінісінен кейін Талғарда сабақ тоқтатылғаны белгілі болды.