Ересектер шөп орамын түсіріп жатқанда, аулада ойнап жүрген алты жасар бала көлік тіркемесінің астына кіріп кеткен.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында трактордың тіркемесінің астына алты жасар бала түсіп қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.
Полиция мәліметінше, 24 шілде күні кешкі уақытта 50 жастағы ер адам бала тұратын үйге трактормен шөп әкелген.
Ересектер шөп орамын түсіріп жатқанда, аулада ойнап жүрген алты жасар бала көлік тіркемесінің астына кіріп кеткен. Көлік қозғала бастаған кезде баланы тіркеменің дөңгелектері мыжып кетті.
"Қазіргі уақытта факті бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігінде (абайсызда өлім келтіру) көзделген қылмыстық тергеу басталды. Мұндай жағдайларда қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары азаматтарға өз балаларына жауапкершілікпен қарауды және оларды мұқият қадағалауды тағы да еске салды.
Әсіресе, егер балалар су қоймаларының, жолдың көлік жүретін бөлігінде, темір жолдардың, қауіпті арнайы техника мен жүк көлігінің жанында ойнайтын болса.