Жетісу облысында КамАЗ екі көлікті басып өтті

0
487

Жол апатында екі адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.


Жетісу облысында КамАЗ екі көлікті басып өтті

ERNUR.KZ. Жетісу облысында рөлге мас күйінде отырған жүк көлігінің жүргізушісі екі автоны басып өтті. Жол апатында екі адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті. Opel Vectra мен Toyota Camry қатты зақымданды. Ал КамАЗ-дың кабинасы қисайып кетті.
Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты 17 қыркүйекке қараған түні Көксу аудан орталығы - Балпық би ауылында болған.
"Алдын ала ақпарат бойынша жол апатына КамАЗ-дың 31 жастағы жүргізушісі себепкер болған. Медициналық сараптамаға сәйкес, ол мас күйінде рөлге отырды. Жол апатында екі адам жарақат зардап шекті. Оларды аудандық ауруханаға жатқызды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы (Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Онда 160 айлық есептiк көрсеткiшке (508 800 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы қарастырылған.